$ 494.87  520.65  4.91

Ұшақ бортында шылым шеккендер қанша теңгеге шығындалады?

Мысалы, Ұлыбританияда ұшақ бортында шылым шеккендерге 2 500 фунт (1,1 млн теңге) айыппұл қарастырылса, Жапонияда айыппұл - 500 мың иен (1,8 млн теңге).
Фото: today.kz
Фото: today.kz

2019 жылдың мамыр айынан бастап ұшақ бортында шылым шеккен 26 жолаушыға айыппұл салынған. Қазіргі уақытта айыппұл көлемі - 126,2 мың теңге, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
2019 жылдың сәуір айында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 441-бабына («Темекі өнімдері мен электронды темекіні жеке қоғамдық орындарда тұтынуға тыйымды бұзу»)  өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Түзетулерге сәйкес, Қазақстанда ұшақ бортында шылым шеккені үшін айыппұл мөлшері 50 АЕК-ті құрады. Бұл - 126 250 теңге. 2015 жылы аталмыш айппыұл 3 АЕК (5 946 теңге) ғана болған. Жаңа ережелер бойынша 2019 жылғы мамыр айынан бастап 26 жолаушыға шылым шеккені үшін айыппұл салынған. 

«2018 жылы 2015 жылмен салыстырғанда, «Эйр Астана» бортында темекі шеккен жолаушылардың саны 34%-ке өсіп кеткен, бұл 123 оқиғадан 166-қа дейін. Мұндай бұзушылық Алматы мен Ыстанбұл, Алматы мен Мәскеу және Алматы мен Киев арасындағы рейстерде жиі орын алады», - деп хабарлайды компания. 

«Эйр Астана» әуекомпаниясы жолаушыларға ұшақ ішінде қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін ескертеді. 

«Ұшу қауіпсіздігі компанияның ең басты құндылығы болып есептеледі. Барған елдің заңына сәйкес, жолаушылар ұшақ бортында ережелерді бұзғаны үшін құқық қорғау органдарына шара қолдануға тапсырылады» делінген хабарламада. 

Айта кетерлігі, басқа елдерде осыған қатысты заң біршама қатал. Оларда әуе кемесінің бортында шылым шегу қоғамдық жерде шылым шегумен теңелестірілмейді, бірден заң бұзушылық қатарына жатқызылады. Мысалы, Ұлыбританияда ұшақ бортында шылым шеккендерге 2 500 фунт (1,1 млн теңге) айыппұл қарастырылса, Жапонияда айыппұл - 500 мың иен (1,8 млн теңге).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары