09.08.2019, 16:50

«Отбасының барлық мүшесі мылқау»: Алматыда жоғалған жанұя табылды

Ведомствоның мәліметінше, жоғалған отбасының жағдайы жақсы.

Алматыда бір күн бұрын жоғалып кеткен отбасы табылды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды inAlmaty.kz-ге сілтеме жасаған Sputniknews.kz.

Ведомствоның мәліметінше, жоғалған отбасының жағдайы жақсы.

«Отбасы туыстарымен байланысқа шықты. Олардың жағдайы жақсы. Кейінірек толық ақпарат береміз», - деді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын ерлі-зайыпты – Андрей және Наталья Чурилиндердің жоғалып кеткенін хабарлаған болатынбыз. Олардың кәмелетке толмаған үш баласы өздерімен бірге болған.

Айта кетерлігі, отбасының барлық мүшесі мылқау, бір-бірімен тек ым арқылы сөйлеседі.

Тегтер: отбасы мылқау