$ 498.34  519.72  4.85

2 млн теңге: ШҚО-да жас түлекті оқуға түсіремін деп пара алған алаяқ ұсталды

6 тамыз күні Семей қаласы Әуезов аудандық полиция бөліміне 54 жастағы Абай ауданының тұрғыны шағым түсірді.
Фото: Qasym.kz
Фото: Qasym.kz

Медициналық университетке оқуға түсіретінін айтып, Абай ауданы тұрғынының екі миллион теңгесін алдап алған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Altaynews.kz ақпараттық порталы.

6 тамыз күні Семей қаласы Әуезов аудандық полиция бөліміне 54 жастағы Абай ауданының тұрғыны шағым түсірді. Шағым берушінің айтуынша, оның қызын оқуға түсірмек болған күдікті алдап кеткен.

Полицейлер жедел іздестіру шарасы барысында 38 жастағы әйелді күдікті деп тапты. Оның үстінен ҚР ҚК 1-тарау, 190-бабы бойынша (алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары