$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандыда 2 жасар сәбиді өлтіріп қойған дәрігерге сот үкімі шықты

Үкімді өз еркімен орындауға және мемлекеттік баж салығын төлеу үшін дәрігерге 9 қыркүйекке дейін уақыт белгіленді.

Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық соты анестезиолог дәрігер-стоматологқа үкім шығарып, 2,5 жылға бас бостандығынан айырды. Оның инъекциясынан екі жасар бала қайтыс болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі, Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотталушы ҚР ҚК-нің 317-бабы 3-бөлігі («Абайсызда адамның өліміне әкеп соққан кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны») бойынша кінәлі деп танылды. Сот оны анестезист-реаниматолог ретінде 2 жыл 6 ай мерзімге медициналық қызмет көрсету құқығынан айырып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Сотталушы жазасын ең төменгі қауіпсіздіктің қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

Сондай-ақ, баланың ата-анасына материалдық шығын өтеу, жерлеу шығындары және сотта өкілдік ету туралы азаматтық ісі ішінара қанағаттандырылды.

«Моральдық шығын - 3 млн теңге, 566 029 теңге мөлшерінде жерлеу шығындары, адвокатқа кеткен шығындары - 500 000 теңге, сонда барлығы – 4 066 029 теңге өтейді», - делінген шешімде.

Үкімді өз еркімен орындауға және мемлекеттік баж салығын төлеу үшін дәрігерге 9 қыркүйекке дейін уақыт белгіленді. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетсек, 2018 жылдың ақпан айында екі жасар ресейлік Семен Арзамасцев Tiny Dent стоматологиялық емханасында тамырға салынған анестезиядан кейін облыстық медициналық орталықтың жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Сәби Омскіде жерленді. Оның ата-анасы Қазақстанда келісімшарт бойынша жұмыс істеген. Семёнге укол салған дәрігердің қолынан 2016 жылы 12 жасар қыз көз жұмғаны белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қарағанды