$ 494.87  520.65  4.91

Балқашта инспекторлар Қызыл кітапқа енген қыранды құтқарып қалды

Қыранның бұл түрі өзінің балапандарын жыланмен қоректендіретін көрінеді.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Балқаш инспекторлары Қызыл кітапқа енген қыранды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында жазғандай, Балқаш қаласының тұрғыны жаралы қыранды тауып алғанын айтып, полиция бөліміне келген. Әйел Ақтоғай ауданының Қоңырат кентіне жақын маңнан жабайы құсты өздігінен ұша алмай қиналған жерінен тапқан көрінеді.

«2019 жылдың 8 тамызында инспекторлар қыранды Балқаштан Қарағандыға жеткізіп, емдеу үшін Қарағанды қалалық зоологиялық баққа жіберді. Тексеру барысында жабайы құстың Қызыл кітапқа енген қыран екені анықталды. Құстың бұл түрі Қазақстанның оңтүстігінде мекен етеді. Саны көп емес. Тіпті, азайып бара жатқан құстардың қатарында», - деп жазады Сәкен Ділдахмет.

Қыранның бұл түрі өзінің балапандарын жыланмен қоректендіретін көрінеді. Толық ем алғаннан кейін көк тағысы еркіндікке ұшырылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары