Жаңалықтар 10.08.2019 сағат 15:20

Мал бағасын шарықтатпай, пайдаға емес, сауапқа бөленуге үндеймін - Бас мүфти (ВИДЕО)

Сөз соңында ол қасиетті Мекке қаласында қажылығын өтеп, еліміздің игілігі үшін дұға жасап жатқан ата-әжелер мен бауырлар ниетінің қабыл болуына тілектестігін білдірді.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қазақстандықтарды құттықтай келе, Құрбан айт қарсаңында мал бағасын шарықтатпауға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бас мүфти отандастарды қасиетті мерекеде пайдаға емес, сауапқа бөленуге үндеді.

«Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын. Айт қабыл болсын! Отбасыларыңызға бақ-береке, ырыс-ынтымақ пен Алланың амандығын тілеймін! Көрші мен дос-жаранға, туыс пен бауырға айттап бару, қадірлі қонаққа айттық беру – ертеден келе жатқан мұсылмандық дәстүріміз. Осы игі дәстүрді қоғамда қайта жаңғыртып, жастарға үлгі-өнеге көрсетуге шақырамын», - деді Серікбай қажы Ораз.

Сондай-ақ, ол Құрбан айт мерекесі кезінде құрбандық шалу арқылы мұсылмандардың Аллаға жақындай түсетінін айтты. Айт мерекесінде жағдайы бар кісілердің құрбандық шалып, оны қарауы жоқ қариялар мен жетімдерге, көпбалалы отбасыларға таратып, сауап жинау – ізгі іс екенін айтты. 

«Бірақ айт күндері мал бағасы қымбаттап кететін жағдайлар жиі кездеседі. Осы орайда, отандастарымды мал бағасын шарықтатпай, пайдаға емес, сауапқа бөленуге үндеймін. Өйткені, Құрбан айт – қанағат пен қайырымдылық мерекесі», - деді төраға.

Сөз соңында ол қасиетті Мекке қаласында қажылығын өтеп, еліміздің игілігі үшін дұға жасап жатқан ата-әжелер мен бауырлар ниетінің қабыл болуына тілектестігін білдірді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар