$ 498.34  519.72  4.85

Оралда 82 жастағы қария құжаттарын жоғалтып алды

Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, егде жастағы Клавдия Егорова өз жеке куәлігін қай жерге қойғанын ұмытып қалған.

Көші-қон полициясының қызметкерлері Орал қаласының 82 жастағы зейнеткеріне жаңадан жеке куәлік жасап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Полицейлер 1 тамыз күні зейнеткердің үйіне арнайы барып, жаңа құжат рәсімдеп берген. 

«Зейнеткер қиын сәтте демеу болып, көмектескен полиция қызметкерлеріне алғыс айтты», - делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Орал