$ 444.22  476.38  4.82

Көкөністің арасына жасырылған 44 кг 300 грамм героин тәркіленді

Ақпарат милицияға келіп түскенше қылмыскерлер жүкті тиеп, жолға аттанып үлгерген.

Қырғызстанда көкөністің арасына жасырылған героиннің ірі партиясы табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА, Кабар агенттігіне сілтеме жасап. Баткен облыстық Ішкі істер басқармасының мәлімдеуінше, Қадамжайда трансұлттық есірткі арнасы анықталған. Милицияның дерегінше, Үшқорған ауылында қаскүнемдер көкөніс жәшіктерінің арасына жасырып, Ресейге, одан әрі Еуропаға ірі героин партиясын өткізбек болған.

Ақпарат милицияға келіп түскенше қылмыскерлер жүкті тиеп, жолға аттанып үлгерген. Дегенмен, тәртіп сақшылары жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп, жүк көлігін Қаракөл қаласына жете бергенде ұстаған. 

Тексеріс кезінде 44 кг 300 грамм героин табылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары