$ 445.66  474.58  4.78

ШҚО-да 2 адам орманда жоғалып кетті

Оқиға 10 тамыз күні болған. Сағат күндіз 11.00 шамасында екі жасөспірім бала тау жаққа қарай кетіп, қайта оралмаған.

Риддер қаласында екі жасөспірім орманда адасып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс.

Оқиға 10 тамыз күні болған. Сағат күндіз 11.00 шамасында екі жасөспірім бала тау жаққа қарай кетіп, қайта оралмаған. Оларды түнге дейін күткен ата-аналары ақыры құтқарушылардың көмегіне жүгінеді.

Құтқарушылар балаларды 11 тамыз күні таңертең омартадан тауып алыпты. Екеуі де аман-есен үйіне қайтарылды.

Естеріңізге сала кетсек, жақында ғана Риддерде жігітімен ұрсысып қалған бойжеткен орманда адасып кеткен болатын. Бір тәулік бойы қараусыз қалған үйде түнеп шыққан қызды құтқарушылар тауып алып, аман-есен үйіне жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ШҚО