$ 448.15  483.46  4.86

Ақтөбеде мұнайшылар экологиялық үстемеақы талап етті

Мұнайшылар 2013 жылдан бері экологиялық аймақта жұмыс істейтіні үшін үстемеақы алмаған.

«Сағыз Петролеум Компани» ЖШС-нің жұмысшылары компанияны сотқа берді. Олар экологиялық үстемеақыны талап етіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Мұнайшылар 2013 жылдан бері экологиялық аймақта жұмыс істейтіні үшін үстемеақы алмаған. Олар сотқа арыз түсіріп, іс бүгін қарала бастады. 

«2013 жылдың қазан айынан бері мұнай компаниясында жұмыс істеймін. Зауытта инженер болып еңбек еттім. Ұжымдық келісімшартта 20 пайыздық экологиялық үстемеақы төлеу міндеттелгенімен, бізге ешқандай ақша бермеді. Жұмысшылардың әрқайсысына 1-3 миллион теңгеге жуық қарыз. 2016 жылы «жұмысшыларға берілмейді, ол жұмыс берушінің құқығы» деп түсіндірді. Ал 2018 жылы маусымда жаңа келісімшарт жасап, өзгертіп жіберді. Біз заңды түрде экологиялық үстемеақыны алғымыз келеді», - дейді «Сағыз Петролеум Компани» ЖШС-нің жұмысшысы Рустам Бақытжанов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ақтөбе