Атыраулықтарға киіз басу бойынша тегін шеберлік сабақ өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шеберлік сабақтар Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму департаментінің қолдауымен 7-9 тамыз аралығында «Жұмыскер» мәдениет үйінде өтті.
Онда «Қазақ қыздары» академиясының оқытушылары барлығы 180 адамға құрақ көрпе тігуді, қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, киіз басу техникасын үйретті.
Қатысушылардың жалпы санының тек 35-і - қала тұрғындары, қалғаны бізге Атырау облысының әртүрлі аудандарынан келді. Олардың арасында көпбалалы аналар, жас қыздар мен ересектер болды. Біз өте қуаныштымыз, семинарлар жақсы өтті. Көбісі өз ісін ашып, жаңа тәжірибеге ақша табуға тырысқысы келеді екен. Барлық қатысушыларға салтанатты жағдайда сертификаттар тапсырылады», - деді «Қазақ қыздары» академиясының директоры Әсия Мұхсинова.