$ 498.34  519.72  4.85

«Ағаштары күтімсіз»: қала әкімі қараусыз қалған саябақты сынға алды

Нұр-Сұлтанда барлығы 10 иесіз қалған саябақтар мен скверлер бар.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Есіл өзені бойындағы саябақты жаяу аралап шықты. Парк аумағы - 113 гектар. Мұнда велосипед жолдары, жүгіруге арналған жолдар орнатылған. Алайда, саябақтың қазіргі жағдайы нашар, деп хабарлады Skifnews.kz ақпараттық порталы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Саябақ аумағында көше шамдары жұмыс істемейді. Саябақтың ағаштары болса, күтімсіз, кеуіп қалған. Тәртіп сақтауды тек бір ғана адам қадағалайды. 

«Саябақтың ішіне камералар орнату мәселесін қарау қажет. Саябақты абаттандыруға кірісіп, оны тиісті түрге келтіру керек. Тұрғындарымыздың денсаулығы үшін де зор пайдасы бар. Себебі, аумақта жүгіру, велосипед жолдары бар. Саябақты жаңғырту мәселесін Алматы ауданының әкімдігі қолға алатын болады, саябақ тұрғындар үшін демалыс орны болуы керек», - деді А. Көлгінов. 

Нұр-Сұлтанда барлығы 10 иесіз қалған саябақтар мен скверлер бар. Әкімдік аумақты абаттандыру және теңгерімге беру бойынша жұмыстар жүргізуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары