$ 444.32  473.33  4.76

120 мың теңге: министрлік әр балаға тиесілі ақшаны атады

Енді аналар бөлінген қаражатты қолымызға санап берсін деп отыр.

Көмекке мұқтаж отбасының мектепке баратын әрбір баласына берілуі тиіс үкіметтің ақшасын нұр-сұлтандық аналар қолымызға санап берсін деп талап қойып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Informburo бағдарламасына сілтеме жасап. 

«Одан да баламызбен базарға бірге барып, мектепке қажетті киім-кешек пен кеңсе тауарларын өзіміз таңдайық», - дейді. Сөздерінше, әр балаға бөлінетін 120 мың теңгенің тек бір бөлігі жұмсалады. Ал әкімдіктегілер санап берген ақшаны ата-аналардың өздері мақсатсыз жұмсап қояды дегенді алға тартады. 

Әр балаға бөлінуі тиіс қордағы ақша мәселесі министр Сапарбаевтың аналармен кездесуі кезінде де көтерілді. Ондағы кейбір аналар, тіпті, мұндай көмектің бар екенін де білмеген. Жеке кабинетке жиналып, Білім басқармасындағыларды сұрақтың астына алды. 

«Әр балаға - 47 АЕК. Ол есептеген кезде шамамен 120 мың теңгедей болады», - деді қызметкер. 

Енді аналар бөлінген қаражатты қолымызға санап берсін деп отыр. Қажет болса, есеп беріп отыруға дайын. Өйткені мектептің өзі сатып алып беретін киім-кешегі мен кеңсе тауарларына күмәнмен қарайды. 

«Тендер ұтып алып, өздері пайда көргісі келеді. Мысалы, менің 8 сыныпта оқитын қызым бар. Ол кигісі келмейді. «Үнемі бірдей киіп жүреміз. Бізді сондай киімдерімізге қарап бөліп-жарады» деп айтады», - дейді көпбалалы аналардың бірі. 

Ал Білім басқармасындағылар ата-аналардың өзіне кінә тағып отыр. Бөліп берген ақшаны шашып жібереді деген пікірде. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары