Жаңалықтар 13.08.2019 сағат 17:30

«Ашкөздік не істетпейді?»: арыстық тұрғын мемлекеттен көмек алу үшін өз үйін балтамен қиратқан (ВИДЕО)

Дәлел ретінде облыс әкімінің баспасөз хатшысы Сәкен Қалқаманов Facebook парақшасында екі видео жариялады.
«Ашкөздік не істетпейді?»: арыстық тұрғын мемлекеттен көмек алу үшін өз үйін балтамен қиратқан (ВИДЕО)
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Арыс қаласының тұрғыны мемлекеттен көмек ақша алу үшін өз үйін балтамен қиратқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәлел ретінде облыс әкімінің баспасөз хатшысы Сәкен Қалқаманов Facebook парақшасында екі видео жариялады. 

«Ашкөздік адамды не нәрсеге жеткізуі мүмкін? Төле би көшесіндегі 183-үйде тұратын Арыс қаласының тұрғыны өз үйін бір түнде балта және сүйменмен қиратып шықты. Бірінші видеоны құрылысшылар түсірген. Бұл кезде үй иесі олардың үйді жөндеп беру туралы ұсынысымен келіспеген еді. Ол жарылыстан үлкен зақым келді деп үйді толықтай қиратуды талап еткен болатын. Саналы түрде өз мүлкіңді қирату – шектен шыққандық», - деп жазды Қалқаманов.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар