$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев ел экономикасын дамытуға қатысты кеңес өткізді

Сондай-ақ жылыту маусымы мен жаңа оқу жылына дайындық мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшысы Ақордада экономикалық мәселелер бойынша кеңес өткізді. Ол ел экономикасын дамытудың жаңа тәсілдерін ұсыну керектігін айтты, деп жазады Sputniknews.kz ақпараттық порталы.

Кеңес барысында 7 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Премьер-министр Асқар Мамин, Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев баяндама жасады.

«Мемлекет басшысы ел экономикасының дамуына салмақты серпін беру мақсатында жаңа тәсілдер ұсынудың айрықша маңыздылығын атап өтіп, бұл үшін үкіметтің, президент әкімшілігінің және сарапшылар қауымдастығының үйлесімді жұмысы қажет екеніне ерекше мән берді», - деп жазады Ақорда.

Жиынға қатысушылар отандық тауар өндірушілерді қолдау, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен тарифтер бағасының өсуін болдырмау, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, сондай-ақ жылыту маусымы мен жаңа оқу жылына дайындық мәселелерін талқылады.

«Қасым-Жомарт Тоқаев күнделікті мәселелерге қатысты жедел шешім ұсынумен қатар алдымызда халықаралық нарықдағы теріс үрдістерді ескере отырып, экономиканың ортамерзімді даму бағдарын айқындау міндеті тұрғанын айтты», - деп жазылған хабарламада.

Соңында президент азаматтардың тұрмыс сапасының төмендеуіне жол бермеу үшін басты назарды олардың мүдделеріне, халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттеменің толық орындалуына аудару қажет екеніне баса мән берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары