Шымкенттегі дендрологиялық саябақта серуендеуді сүйетіндер үшін жағымды жаңалық. Демалыс орнындағы көлге 52 мың балық жіберілді.
Енді қала тұрғындары мен қонақтары су жануарын қызықтай алады.
Сондай-ақ, Қошқар ата өзеніне де 12 мың балық жіберілді. Мамандардың айтуынша, балықтар өзеннің тазалығын қамтамасыз етеді әрі табиғатымыздың көркеюіне қосылған үлес болмақ.
Айта кетейік, өзендерге тұқы, сазан сияқты балықтың үш түрі жіберілді. Тапсырысты «Көмешбалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мамандары өз мойнына алған. Мекемеде қазіргі таңда 300 мыңдай шабақ өсіріліп жатыр екен.
Негізі Сазан мен тұқы бір тұқымдасқа жататын балық. Саза́нның қабыршағы ірі, аузының екі езуінде мұртшалары бар,жұтқыншақ тісі жақсы дамыған. Аталған өзенге бұл балықтарды жіберудің басты бебебі саза́ндар аса қорек талғамайды. Шабағы алғашында зоопланктон және майда балдырлармен, кейін әр түрлі жәндіктермен қоректенеді. Соңғы жылдары өзен-көл, бөген суының тартылуына байланысты саза́н саны күрт азайып кетті және тіршілік ортасы мен қорек құрамының нашарлауына байланысты саза́ндардың дене тұрқы да кішірейіп барады.
Балық шаруашылығын қолға алған басшылардың айтуынша, сазан тұқымдас шабақтар жыл соңына қарай бір келіге жуық салмақ қосады. Оларды күтімге алатын арнайы ихтиолог мамандар да бар.
.