$ 494.87  520.65  4.91

«Қатігездікпен қараған»: желіде алматылық тәрбиешінің балаларды ұрған ВИДЕОсы тарап кетті

Тәрбиеші тәрбиеленушілерді ұрып-соғумен тәрбиелеуге тырысқанға ұқсайды.

Алматы облысындағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші балаларды ұрып-соққан видео желіде тарап кетті, деп жазады Sn.kz ақпараттық порталы.

Instagram-дағы @almaty.times парақшасында тараған видеодағы мәліметке сәйкес, оқиға Байсерке аулындағы «Ниет-ай» балабақшасында болған. Тәрбиеші тәрбиеленушілерді ұрып-соғумен тәрбиелеуге тырысқанға ұқсайды. Оқиға балабақшаның бейнбеақылау камерасына түсіп қалған.

«Кіші топ. Балаларға күш көрсетіп, қатыгездікпен қараған. Жекелей алғанда, ұрып, қорқытқан. Құзырлы органдардан назар аударуын сұраймын. Адамдар, балаларыңызды қорғаңыздар», - делінеді жазбада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары