Ақтөбенің 24 жастағы тұрғыны қалалық автобуста кондуктормен жанжалдасып қалып, текетірестің соңы пышақ сұғумен аяқталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жас жігіт автобустан аялдамада түсіп, қалтасынан пышағын шығарып, кондуктордың аяғына сұғып алған.
Зардап шегуші жақын маңдағы дәріханаға барып, ол жерде жарасын таңып беріпті.
Екеуара басталған жанжал сотпен аяқталды.
Пышақ ала жүгірген ер адам 3 жыл 3 айға қауіпсіздігі жоғары колонияға қамалды. Сотталушы бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған.