Қоғам белсендісі әрі заңгер Айгүл Орынбек әлеуметтік желідегі парақшасына Түркістан қаласында өзін өлтірмек болған ер адамның видеосын жариялды.
Кадрда ер адам үйін сүргені үшін төленетін қаржыны қайта есептеуді сұрайды.
Блогер облыс әкімі Шөкеевтің елді басқара алмай отырғанын жазып, президентке үндеу жариялады.
«Құрметті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев!
Түркістан қаласының тұрғыны өзін өзі өртемекші, себебі үйлерін сүруге жіберген. Ал үйінің ақшасын бермеген. Бұл Түркістан қаласында болып жатыр.
Ал енді Арыс қаласына тоқталайын, шағым жазып, көмек сұраушы халық көп.
Себебі ол жақта да құрлыс жұмысы дұрыс жүріп жатқан жоқ.
Облыс әкімі Шөкеев ұйымдастырушылық жағынан облысты басқара алмай отыр десем де болады. Себебі шағымданушы халық көп. Маған келіп түсіп жатқан шағымдардың барлығымен осында бөлісуге тура келеді. Себебі Арыс қаласы өзімнің шыққан жерім. Жерлестерімнің алдында жерге қарағым келмейді. Олар дәл қәзір маған үміт артып отыр. Себебі «Облысы әкімі Шөкеев берген уәдесінде тұрған жоқ» деп жылап отыр.
Құрметті Президент әкім осы жердегі сіздің өкіліңіз өз жұмысын игере алмай отыр. Дәл қәзір аудан аудандардан түсіп шатқан шағымдар өте көп. Сол шағымдарды интернет желісі арқылы шығарғым келеді. Бір емес бірнеше рет әкімнің қызметкерлеріне де ескерттім, алайда жүріп жатқан жұмыс көрмедім. Халық қайтадан өзіме шығуда!», -деп жазды ол.