Әрлеу жұмыстары 293 нысанында жалғасуда, деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Қалпына келтіру жұмыстары Қарағанды облысының әкімдігіне бекітілген № 5 секторда толығымен аяқталды. Осы учаскеде барлығы 83 үй, оның ішінде 11 көпқабатты үй жөнделді.
"Жұмыстар Маңғыстау (98 %), Ақмола (98 %), Солтүстік Қазақстан (98 %), Жамбыл (97 %), Қызылорда (96 %), Батыс Қазақстан (96 %), Ақтөбе (96 %) және Павлодар облыстары (95%) секторларында жақсы қарқынмен жүргізілуде. Аса қираған Арыс қаласын қалына келтірушілердің секторлары арасында Нұр-Сұлтан қаласы секторы (21 %), Атырау облысының секторы (60 %), Шымкент секторы (61 %) және Алматы облысының секторы (73%) бар. Жалпы алғанда, аталмыш учаскелердегі бұзылуға жататын Арыстың барлық үйлерінің 50%-ы немесе 200-ден астам саман тұрғын үйлер, оның ішінде жарылыс толқынына төтеп бере алмаған ескі үйлер апатты деп танылды. Қалада барлығы 429 үй қайта тұрғызылуда. Негізгі күштер оларды тұрғызуға бағытталған", - делінген таратылған ақпаратта.
Қалада қалпына келтіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Бірінші кезеңде құрылысшылар кезек тәртібімен, шатырларды ауыстырады, содан кейін терезелер мен есіктерді орнатады. Одан кейін кезек тәртібі бойынша тұрғын үйлерде әрлеу жұмыстары жүргізіледі.
Дереккөз: BAQ.KZ