$ 494.87  520.65  4.91

«Ашынған ана»: Түркістанда өтемақы алмай үйінен қуылып жатқан әйел өзіне пышақ ала жүгірді (ВИДЕО)

Кадрда әйел оң қолына пышақ алып, сол қолын тілгілейін деп тұр.

iТүркістанда үйі сүріліп жатқандар тиісті өтемақыларын ала алмай жатқарын айтып, наразылықтарын түрліше білдіріп жатыр. Осыған қатысты видеоларды қоғам белсендісі әрі заңгер Айгүл Орынбек Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына жариялаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кадрда әйел оң қолына пышақ алып, сол қолын тілгілейін деп тұр. Ер адам болса, полиция формасын киген әйелді сыртқа шығаруға ұмтылады.

Айгүл Орынбектің айтуынша, өтемақы ала алмаған халық сот орындаушыларына осылайша қарсылық көрсетуде.

Айта кетейік, бұған дейін дәл осындай күйге түскен түркістандық ер адамның шатырда өзін өлтірмек болғанын жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары