$ 494.87  520.65  4.91

16 тамызда еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынды болады

Қостанай облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.

«Қазгидромет» РМК 16 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, солтүстікте қатты жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. 

Кей жерлерде жел күшейеді, шаңды дауыл, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, республиканың солтүстігінде түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түседі. 

Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең Ақмола облысының кей жерлерде тұман болады. 

Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, Қарағанды облысының кей жерлерінде дауыл соғады. 

Түркістан, Алматы, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-25 м/с күшейюі күтіледі, Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл болады. 

Қостанай облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі. 

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады, Ақтөбе облысының кей жерлерінде, Ақмола облысының батысында, Павлодардың облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы