$ 446.49  475.38  4.79

Ардагер тележүргізуші Нұртілеу Иманғалиұлы жаңа бағдарламаны қолға алды

Желі қолданушылары Иманғалиұлына бір ауыздан сәттілік тілеп жатыр.

Қазақ телевизиясызының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы «Qazaqstan» арнасынан шығатын жаңа бағдарламаны қолға алды. Сүйінші хабарды тележүргізуші Дана Нұржігіт өзінің İnstagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. 

«Ұлттық арнадағы жаңа маусымға дайындық. Әріптестеріммен шүйіркелесіп, қуана қауышып жатырмын. 

Ең үлкен жаңалық: қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы арнамызда өзінің жеке хабарын ашты. Іске сәт!», - деп жазды Дана Нұржігіт. 

Желі қолданушылары Иманғалиұлына бір ауыздан сәттілік тілеп жатыр.

Айта кетейік, танымал тележүргізуші ұлттық арнада «Жас жігер», «Көзқарас», «Алтыбақан», «Айна», «Заң мен заман», «Ақиқат пен аңыз», «Дидар», «Жастар дауысы», «Арай», «Көкпар», «Ой-көкпар», «Бетпе-бет», «Дін мен діл», «Арнайы репортаж», «Діңгек», «Қолтаңба» т.б бағдарламаларды жүргізген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары