16.08.2019, 16:30

«Немересімен серуендеп жүретін еді»: 90 жастағы қария үшінші қабаттан құлап қайтыс болды

Төтенше жағдай 16 тамызда сағат 12:00 шамасында Мәметова көшесінде болған.

Оралда 90 жастағы қария үшінші қабаттан құлап кетті, - деп хабарлайды «Мой Город». 

Төтенше жағдай 16 тамызда сағат 12:00 шамасында Мәметова көшесінде болған. Ер адам оқиға орнында қаза апты.  

Үй тұрғындары құлап кеткен қарияны білетіндерін айтады. Сөздерінше, ол көңілді әрі ширақ адам болған. 

«Осында немересімен серуендеп жүретін еді», - дейді тұрғындар.  

Полиция қызметкерлері бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. 

Тегтер: Орал қария