$ 443.85  474.3  4.8

«Елбасы және Оңтүстік» атты фотокөрме ашылды

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Шымкент қаласындағы бейнелеу өнері мұражайында Елбасының өмірі мен қызметіне арналған «Елбасы және Оңтүстік» атты фотокөрме ашылды.

 

Фотосуреттер көрмесінде Мемлекет басшысының Оңтүстік Қазақстан облысына келген жұмыс сапары және өңірдегі әлеуметтік нысандар мен өндіріс орындарын аралаған сәттері бейнеленген. Суреттерді жергілікті фотографтар түсірген. 

Көрмеге қойылған суреттерде Президенттің кәсіпорын ұжымымен, жастармен және қарапайым еңбек адамдарымен кездескен сәтіндегі көңіл-күйі бейнеленген.
Шараға келген қонақтарды Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтаған Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай Елбасының тәуелсіздік тұғырын тұрақты етуге және еліміздің әлемдік деңгейдегі мәртебесін көтеруге қосқан сүбелі үлесі мен еңбегін ерекше атап өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметінен. 
Көрме 10 желтоқсанға дейін жалғасын табатын болады.

«Мен оңтүстікте болғанды ұнатамын».  Ұлысымыздың ұйытқысы - Оңтүстік Қазақстан облысына келген сапарларының бірінде Нұрсұлтан Әбішұлы осылай деп, елді қанаттандырған. Әр сапар туралы бүгінгі суреттер сөйлейді.

Сурет жадыдағыны жаңғыртады. Тарихтан сыр шертеді. Көрмеге қойылған фотолар арқылы оңтүстік облыстың әр жылдардағы өсу, өрлеу, өркендеу сатыларынан анық ақпар алуға болады. Келушілер туынды авторларына, қас-қағым сәтті мәңгілік мұраға айналдырғысы келген еңбекқор азаматтарға алғысын жаудырды. 

Бір Отан! Бір Тағдыр! Бір Елбасы! Осы идея аясында талмай еңбек ететін авторлар болса, Елбасы сындарлы саясатын насихаттап, облыстың өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім салаларында жеткен жетістіктеріне көзайым болып жүргеніне қуанады. Көрермен қауым назарына көз қарашығындай сақтап келген 140 туындыдан іріктеп, ең озық деген 80-ін ұсынды.

Ел Елбасымен бірге! Тәуелсіздік жылдары жүріп өткен соқтықпалы соқпақта да,  түскен даңғыл жолда да бір-біріне тіреу, демеу болғандардың жылуарлы жүзі... Әр суреттен осыны көруге, мазмұнынан осыны тануға болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары