$ 443.85  474.3  4.8

Елімізде үш күн қатарынан дауылды ескерту жарияланды

8-10 желтоқсан аралығында еліміздің бірқатар аймақтарында қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 

5 желтоқсанда Исландияда қалыптасқан күшті циклон Ресейдің Еуропа аумағының солтүстік аудандарына жетті және шығысқа қарай жылжуда. 8 желтоқсанда ол өзінің әсерімен Батыс Сібірді және Қазақстанды қамтитын болады. Осы циклон ықпалымен солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қар жауады, боран соғады,  батыстан 18-25, кей жерлерде екпіні 28 м/с дейін жететін жел соғады.

Республиканың батысында және оңтүстігінде циклонмен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр, жабысқақ қар, тұман және көктайғақ күтіледі. Мұнда кей жерлерде жел 15-23 м/с дейін күшейеді, Жамбыл облысында 25-28 м/с дейін жел соғады.

Қазақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары