19.08.2019, 14:55

5 жылға сотталды: кәмелет жасқа толмаған 2 бозбала сыныптас қызды зорлаған

Олардың мұндай әрекетінің салдарынан қыз өзіне қол жұмсамақ болыпты. Абырой болғанда, оны құтқарып үлгеріп, аман қалды.

Шымкентте сыныптас қызын зорлаған 17 жастағы екі жасөспірім сотталды. Мұнымен қоймай, олар өз әрекетін видеоға түсіріп алып, артынша қызды бопсалаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қаланың қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Белгілі болғандай, екі жасөспірім сыныптас қызды зорлап, оны видеоға түсіріп алған. Мұнан кейін қыздан ақша мен заттар талап етіп, керісінше жағдайда видеоны мессенджерлер мен әлеуметтік желіде жариялайтындарын айтып сес көрсетеді.

Олардың мұндай әрекетінің салдарынан қыз өзіне қол жұмсамақ болыпты. Абырой болғанда, оны құтқарып үлгеріп, аман қалды. 

Сот «Зорлау» және «Бопсалау» деректері бойынша айыпталған жасөспірімдерге қатысты үкім шығарды. Олардың екеуі де кінәлі деп танылды.  

Алайда айыпталушылар кәмелет жасқа толмағандықтан, оларға максималды мүмкін жаза беріліп, әрқайсысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Әзірге сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.