$ 449.58  486.94  4.86

«Терроризмді насихаттаған» әйел түрмеден шықты: ол 5 жылға сотталған болатын

Өмірова түрмеден босатуды сұрап, алғаш рет 2018 жылы желтоқсанда арыз жазған. Бірақ сот оның өтінішін қанағаттандырмаған. Апелляциялық сот шешімді күшінде қалдырған.


«Діни алауыздықты қоздырды» және «терроризмді насихаттады» деп айыпталған 37 жастағы Жанна Өмірова 19 тамызда Алматы маңындағы Жауғашты елдімекеніндегі ЛА 155/4 түрмесінен босап шықты. Бұл туралы ол Азаттыққа өзі айтып, түрме жанында анасы Күлаш Өміровамен түскен фотоны жолдады. Өмірова түрмеден шыққан соң туыстарымен бірге Қапшағайдағы үйіне кеткен.

ЛА-155/4 түрмесі 2 тамызда Іле аудандық көшпелі соты Өмірованың қалған жаза уақытын бас бостандығын шектеу айыбына ауыстырғанын хабарлаған. 15 күннен кейін сот үкімі күшіне енді. Түрмеден шыққан Өмірова енді бақылауда болып, өзіне қойылған шектеулерді бұзбауы тиіс.

16 тамызда түрме басшысы Думан Рахманов сот үкімі 17 тамызда күшіне енетінін, бірақ бұл күн сенбі – демалысқа тап келетінін айтқан. Ол қолына барлық құжат тимейінше Өмірованы қамаудан босата алмайтынын жеткізген.

Өмірова түрмеден босатуды сұрап, алғаш рет 2018 жылы желтоқсанда арыз жазған. Бірақ сот оның өтінішін қанағаттандырмаған. Апелляциялық сот шешімді күшінде қалдырған.

Жанна Өмірова – кәмелет жасқа толмаған екі баланың анасы. Оның күйеуі 2017 жылы маусымда «діни алауыздықты қоздырды» және «терроризмді насихаттады» деп бес жылға сотталып, қазір жазасын өтеп жатыр.

Жанна Өмірованың ісін Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеген. Соңғы бірнеше жылда Қазақстанда «терроризмді насихаттады» деп айыпталып, ондаған қазақстандық сотталған. Айыпталғандардың көбі ислам дінін ұстанады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#терроризм