Бұдан былай Әл-Фараби даңғылында 80 км жылдамдықпен жүре аласыз. Бұл туралы Қоғаммен байланыс қызметінің басшысы Асет Мұқажанов өзінің instagram парақшсында хабарлады, деп жазады jasqazaq.kz.
Жылдамдық магистральдерінде (ШАКЖ, Әл -Фараби даңғылы) рұқсат етілген 80 км жылдамдықты қайтару мәселесі көптеген қалалықтарды толғандыруда. Бақытжан Сағынтаевтың Алматы әкімі қызметіне кіріскен алғашқы күнінен бастап осы тақырыпқа қатысты 800-ден астам өтініш түскен.
Практика көрсеткендей, рұқсат етілген жылдамдықты 60 км/сағатқа дейін төмендеткенімен, апатты жағдай қалада жақсарған жоқ, өкінішке қарай, көлік апаты өсу үстінде.
ШАКЖ мен Әл-Фараби даңғылына жылдамдық режимін қайтаруды Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі де ұсынған болатын. Сондықтан қоғам тарапынан түскен көп өтінішті назарға ала отырып, Алматы әкімдігі ШАКЖ мен Әл-Фараби даңғылына рұқсат етілген 80 км/сағат жылдамдықты қайтару жөнінде шешім қабылдайды. Бұл – бірыңғай айналма жолына енетін көшелерге қатысты оң шара.