19.08.2019, 21:35

Байқоңыр ғарыш айлағынан робот ұшырылмақ

Бұған дейін бұл ғарыш кемесімен "Прогресс" жүк кемесі ғана ұшырылған болатын, дейді корпорация басшысы.

"Союз МС-14" ғарыш кемесі және "Федор" роботын ғарышқа жеткізетін "Союз-2.1а" зымыран тасығышы таяуда Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылмақ.

Бұл туралы "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының басшысы Дмитрий Рогозин Twitter парақшасында хабарлады.

"Байқоңырда "Союз-2.1.а" зымыран тасығышын ұшыру кешеніне тасымалдау аяқталды", - деп жазды ол.

Дмитрий Рогозин атап өткендей, бұл алаңқайдан 395 зымыран ұшырылған. 22 тамызда "Союз МС" зымыраны "Союз-2.1.а" тасығышымен ғарышқа аттанады.

Бұған дейін бұл ғарыш кемесімен "Прогресс" жүк кемесі ғана ұшырылған болатын, дейді корпорация басшысы.

"Союз" зымыранының ұшуын кім тамашалайды?

Роскосмос басшысы Дмитрий Рогозин "Союз-ФГ" зымыранының "Союз МС-15" кемесімен ұшырылуын тамашалауға "Уральские авиалинии" әуе компаниясының 230 жолаушы мінген Airbus A321 лайнерін жүгері алқабына қондырған экипаж мүшелері – командир Дамир Юсупов пен екінші ұшқыш Георгий Мурзинді, сондай-ақ Свердлов облысының губернаторы Евгений Куйвашевті шақырды.

Мәскеу түбінде ұшқыштар 200-ден астам адамның өмірін құтқарды

Ресейлік экипаждың командирі Дамир Юсупов Airbus А32 ұшағын жүгері алқабына қондырып, 200-ден астам адамның өмірін құтқарып қалды. Ұшақ қолмен басқару арқылы қондырылған болатын. Тәжірибелі командирге екінші ұшқыш Георгий Мурзин көмектесті.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Тегтер: Байқоңыр