$ 496  588.01  6.42

Нығматулин Твиттерде жеке парақшасын ашты

Н.Нығматулин өзінің Twitter қолданушыларына арналған бейнежазбасында оның қолжетімді, заманға сай байланыс құралы екенін айтты.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин халық арасында танымал әлеуметтік желілердің бірі - Твиттерде @NigmatulinKZ жеке парақшасын ашты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Н.Нығматулин өзінің Twitter қолданушыларына арналған бейнежазбасында оның қолжетімді, заманға сай байланыс құралы екенін айтты.

«Ол әрбір азаматпен тікелей байланысып, жедел ұсыныс-пікір алмасуға мүмкіндік береді. Бұл ортақ мақсат жолында бірлесе жұмыс істеуге кең жол ашады деп ойлаймын. Сондықтан алдағы уақытта осы парақшамда Мәжілістегі маңызды жаңалықтармен бөлісіп отыратын боламын», - деді Мәжіліс спикері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0