Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин халық арасында танымал әлеуметтік желілердің бірі - Твиттерде @NigmatulinKZ жеке парақшасын ашты, деп хабарлайды Елорда Инфо.
Н.Нығматулин өзінің Twitter қолданушыларына арналған бейнежазбасында оның қолжетімді, заманға сай байланыс құралы екенін айтты.
«Ол әрбір азаматпен тікелей байланысып, жедел ұсыныс-пікір алмасуға мүмкіндік береді. Бұл ортақ мақсат жолында бірлесе жұмыс істеуге кең жол ашады деп ойлаймын. Сондықтан алдағы уақытта осы парақшамда Мәжілістегі маңызды жаңалықтармен бөлісіп отыратын боламын», - деді Мәжіліс спикері.