Оралда 14 жастағы жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін жас натуралистер стансасы ауданында Шаған өзенінде болды.
2005 жылғы жасөспірім шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен.
Сағат 17.04-те құтқарушылар (3 қызметкер, 1 жүзу құралы, 1 техника) іздестіру жұмыстарын жүргізді. Сағат 18.08-де марқұмның денесі судан шығарылды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда тағы бір адамның суға кеткенін жазған болатынбыз.
Осыған дейін өңірде 26 адам суға батса, соның жетеуі балалар еді.