$ 448.89  477.93  4.76

«Бекзат ағасының соңынан кетті»: әлем чемпионы Бауыржан Жұман қайтыс болды

«23 жастағы жас спортшы Бауыржан Жұман автокөлік апатынан көз жұмды».

Каратэ Годзю рюден әлем чемпионы Бауыржан Жұман жол апатынан көз жұмды. Бұл туралы журналист Ұларбек Дәлейұлы өзінің Facebook парақшасында хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бекзат ағасының соңынан кетті. 

Бүгін таңға жуық Каратэ Годзю рюден Әлем чемпионы, Европа чемпионы, болашағынан зор үміт күттірген азамат - 23 жастағы жас спортшы Бауыржан Жұман автокөлік апатынан көз жұмды. Жатқан жерің жайлы, иманың саламат болғай, батыр ұл!» - деп жазды Ұларбек Дәлейұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары