$ 498.34  519.72  4.85

Жаңа көлік алғандарға енді ХҚО-на тіркетуге барудың қажеті жоқ

Әзірге бұл қызмет Нұр-Сұлтан қаласындағы автосалонда көлік сатып алатындар үшін қолжетімді.

«Азаматтарға арналған үкімет» астаналық көлік иелері үшін тамыз айының басынан жаңа жобаны іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі. 

«Енді автосалоннан жаңа автомобиль сатып алатындар оны бірден тіркеуге қойып, құжаттарын жасата алады. Бұрын жаңа көлікті автосалоннан рәсімдеген кезде мамандандырылған ХҚО-ға бару керек еді. Енді автосалонда мемлекеттік корпорацияның бір қызметкері жұмыс істеп, есепке қою операцияларын жүзеге асырады. Көліктің техникалық құжаты мен мемлекеттік тіркеу нөмірі дайын болған сәтте оны салонға курьер жеткізіп береді», - делінген хабарламада.  

Әзірге бұл қызмет Нұр-Сұлтан қаласындағы автосалонда көлік сатып алатындар үшін қолжетімді. Таяу арада бұл жоба, сондай-ақ Алматы облысының Талғар ауданында іске қосылатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары