Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов кезекті рет тілшілерді таң қалдырды. Ол үкіметтегі баспасөз конференциясын бір минутқа тоқтатып, сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап беру үшін қалтасынан мәлімет жазылған қағазды іздей бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Журналист министрден инфляцияның бағам түзілуіне әсер етуі, сондай-ақ, халықтың нақты табысының статистикасын сұрады.
Брифинг модераторы Дәленовке уақыт тығыздығына байланысты тек бір сұраққа жауап беруді ұсынғанымен, Ұлттық экономика министрі статитистиканың өзімен бірге екенін айтып, қолын қалтасына сала бастады.
"Нақты жалақының, яғни, номиналды жалақы, орташа айлық және табыс статистикасына келер болсақ, нақты жалақының индексін сіздерге жеке ұсынамыз. Қазір мен қарап алайын, бір минут", -деген министр костюмінің қалтасынан бүктелген қағазды алып шықты.
"Қаңтар-шілде - нақты жалақының индексі 103,3 пайызды, номиналды жалақы - 8,6 пайызды құрап отыр. Орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыс туралы айтар болсақ, индексі 10, 8 пайызды, нақты жалақы табысының индексі 5,5 пайызды көрсетті. Статистика осындай", -деді Дәленов.
Осы тұста залдағы журналистердің бірі "Сіз сиқыршы сияқтысыз, қалтаңыздан біресе сурет, біресе мәлімет пен сандар шығарасыз", - деді жымиып.