$ 494.87  520.65  4.91

Өз қызын зорламақ болған байқоңырлық тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғалды

Ер адамның қылмыстық әрекетін кездейсоқ куәгерлер тоқтатты.

Байқоңырда жолаушылар көшеде тұрып, өзінің 5 жастағы қызымен жыныстық қажеттілігін қанағаттандырмақ болған жас жігітті құқық қорғау органдарына тапсырды, деп жазады Stan.kz ақпараттық порталы.

Оқиға 16 тамызда кешкілік уақытта болды, деп хабарлады Байқоңыр кешеніндегі Ресей Федерациясының тергеу комитетінің тергеу бөлімі. 33 жастағы жергілікті тұрғын Королев даңғылындағы аялдамада мас күйінде өзінің бес жасар қызына қарсы жыныстық қатынас жасаған.

Ер адамның қылмыстық әрекетін кездейсоқ куәгерлер тоқтатты.

«Хабарламаны тексеру барысында алынған ақпарат расталды. Байқоңыр кешеніндегі Ресей Федерациясының тергеу комитеті жедел түрде Ресей Федерациясы қылмыстық кодексінің "он төрт жасқа толмаған балаға сексуалдық шабуыл жасау" бабы негізінде қылмыстық іс қозғады», - дейді бөлімдегілер.

Оқиғаның куәгерлері әлеуметтік желілерде жергілікті топтағы күдіктінің суреттері жарияланған жазба бірнеше сағат ішінде жүздеген пікірлер жинаған. Алайда, кейіннен топтан әкімші этикалық себептермен және әділеттілік мүдделерін ескере отырып алып тастады.

Қазіргі уақытта педофилияға күдікті ер адам қамауда екені белгілі, тергеушілер тергеу кезінде оны қамауға алу туралы сотқа өтініш жолдады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары