$ 494.87  520.65  4.91

Арысты қайта қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау 1 қыркүйекке шегерілді

Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстары өз секторларындағы жөндеу жұмыстарын аяқтады.

Арыстағы апатта бүлінген 7613 үйдің 7166-сы жөнделіп жатыр. 447 үй қайта салынуда. Түркістан облыстық әкімшілігінің дерегінше, 7 мыңнан астам үйдің жөндеу жұмысы, 23 үйдің құрылысы толық біткен, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстары өз секторларындағы жөндеу жұмыстарын аяқтады. Қайта қалпына келтірумен айналысқан Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары да жұмысты тәмәмдаған. Өңір басшысы Өмірзақ Шүкеев әкімдіктегі жиында құрылыс жұмыстарын жеделдетуді, 1 қыркүйекке дейін аяқтауды тапсырды.

Бүгінде 62 әлеуметтік нысанның 56-сы тапсырылған. Қыркүйек айында Ақымбаев, Қонаев сынды орталық көшелердегі және Көктем ықшамауданындағы жұмыстар толық бітеді деп күтілуде. Ескерте кетелік, қаланы қалпына келтіру жұмыстарының аяқталу мерзімі осымен үшінші мәрте шегерілді. Бұрын 1 тамызға дейін, одан кейін 20 тамызға дейін аяқталуы тапсырылған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Арыс қаласы