Жаңалықтар 20.08.2019 сағат 16:15

«Қызымды қонақүйге апарып, өзі шешіндірген»: 60 жастағы өгей әкесі 12 жастағы қызын зорлап келген

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама өткізіліп, 12 жасар қыздың зорланғаны дәлелденген. Алайда, жәбірленушіні өз қорғауына алған белгілі заңгер Камиша Есмұхамбетқызы күдіктінің әлі қамауға алынбағанын айтты.
«Қызымды қонақүйге апарып, өзі шешіндірген»: 60 жастағы өгей әкесі 12 жастағы қызын зорлап келген
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматыда 60 жастағы ер адам 12 жасар қызды зорлаған. Бұл туралы жеткіншектің анасы айтып, жан айқайын жеткізді. Туған қызына өзінің кездесіп жүрген ер адамы зорлық көрсеткен. Алайда, шырылдаған ана қызының зорланғанын бес ай бойы жасырып келіпті. Өйткені ер адам оны «өлтіремін» деп қорқытып келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

34 жастағы келіншек кавказ ұлтының өкілімен 2014 жылдан бері кездеседі. Ол Алматыдағы «Car City» сауда орталығында көлік бөлшектерін сатумен айналысады екен. Осы уақытқа дейін ол әйелге қаржылай көмектесіп келіпті. Алайда осы жылдың наурыз айында көңілдесі 12 жасар қызын зорлап тастаған. Одан кейін жеткіншекті «аузыңды ашсаң, анаңды өлтіремін» деп қорқытыпты. Қайда барып қорғаныш іздерін білмеген келіншек, бес ай бойы қызының зорланғаны туралы тірі жанға тіс жармай келген. 

«Ол кісімен 2014 жылдан бері кездесіп келдім. Ол кавказ ұлтынан. Қызым жайында білетін. Бізге қаражат жағынан көмектесіп тұратын. Қызым интернетта жатып оқиды. Наурыз айында демалысқа шығып, маған келген болатын. Сол  кезде ол өзінің балмұздақ алып беретінін айтты. Мен жұмысқа кетіп бара жатқан соң, қызымның өзін жібердім. Содан ойымда ештеңе жоқ, екі күннен кейін қызым болған жағдайды айтып берді. Бірден Иосифке (күдікті авт.) хабарласып едім, ол Қазақстанда екі күннен кейін ғана болатынын айтты. Сол кезде асықпай сөйлесеміз деді», – дейді көзіне жас алған келіншек.

Алайда, осы кезде олардың қарым-қатынасы туралы көңілдесінің әйелі біліп қойған. Содан ол кездесуді кейінге қалдырып, сөйлесуден қашқақтап келіпті. Одан қалса, «Егер біреуге айтатын болсаң, сендерді өлтіріп кетемін» деп өзіне де сес көрсетіпті. 

«Мен оның қызыма шын тиісті ма соны білгім келді. Бірақ ол қашқақтап келді. Қызымды қонақүйге апарып, өзі шешіндірген. Жыныс мүшесін салып, тоңқайып жат деген. Ары қарай шалқайтып жатқызған. Одан кейін артқа қарай жатқызып, жаман ойын тағы іске асырған. Ісін істеп болған соң, қызымды душқа жіберген. Ары қарай «ешкімге айтпа» деп қорқытыпты. 5 жылдан бері танитын адам қызыма мұндай опасыздық жасайды деп еш ойламадым. Мен бұл кісінің өз жазасын алғанын қалаймын. Өмір бойына бас бостандығынан айырылсын», – дейді келіншек.

Қыздың өзі болса 60 жастағы еңгезердей еркекті әкесі ретінде көрген. Қонақүйге апарып, бөлмеге алып кіргенге дейін оның жаман әрекет жасайтынын сезбепті. 

«Анам ол кезде жұмыста болған. Бірақ телефоны менде еді. Ол кісі ақша жіберетін болып, мен оны көлік жуу бекетінде күттім. Содан ол кісі көлігімен келіп, «отыр» деді. Ары қарай мені қонақүйге алып барды. Көзіме көзілдірік кигізіп, үстіме ұзындау куртка кигізді. Маған «тыныш отыр, үндеме. Әйтпесе жаман болады» – деп, қонақүйдің айналасына тоқтады. Қолымнан ұстап, бөлмеге алып кірді», – деп 8-сынып оқушысы барлық болған жағдайды айтып берді.

Жеткіншектің асында анасына айтудан қорыққан. Өйткені ер адамның «анаң мен апаңды өлтіріп кетемін» деген сөзінен қорқыпты. Бірақ бір күн өткеннен кейін ғана өзінің зорланғанын анасына айтып берген. Алайда, әйел бұрынғы көңілесіне хабарласып сұрағанында, ол еш мойындамаған.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама өткізіліп, 12 жасар қыздың зорланғаны дәлелденген. Алайда, жәбірленушіні өз қорғауына алған белгілі заңгер Камиша Есмұхамбетқызы күдіктінің әлі қамауға алынбағанын айтты.

«Бұл кісілер 18 тамызда кешкі уақытта маған келді. Сөйтіп дүйсенбі күні арыз жазып, Алматы қалалық ІІД-не бардық. Ары қарай тергеу амалдары жүргізіп, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Кеше тергеу тобымен оқиға орнына бардық. Ол өте нашар жер екен. Ол жердегілер әлгі кісіні танып отыр. Яғни, ол адам анасының әлсіздігін пайдаланып, шарасыздығын көріп отырған соң қызына тиісіп отыр дегенге негіз бар. Кеше сот-сараптама нәтижесі бойынша қыздың айтқаны дәлелденіп отыр. Бірақ күікті әлі қамауға алынған жоқ. дегенмен бүгін қамауға алынуға тиіс», – дейді заңгер.  

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар