$ 494.87  520.65  4.91

ҚазҰТУ-да қатарласын өлтірген студент 2 айға қамауға алынды

Алматыдағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде қатарласын өлтірген студент екі айға қамауға алынды.

Естеріңізге салайық, Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ ғимаратында осыдан бір апта бұрын осы университет студенті Самұрат Жақсылықов өлтірілген болатын. Оның денесі дәретханадан табылды. Куәгерлердің айтуынша, күдікті мен Самұраттың арасындағы ерегіс кітапханадан басталған көрінеді.

Кітапханадан шыққан екеу өзара мәселені дәретханаға барып шешпек болған. Сол кезде күдікті жәбірленушіні пышақтап, өзі оқиға орнынан қашып кеткен. Жедел жәрдем жетемін дегенше С.Жақсылықов университет ғимаратында көз жұмды.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Егер ұсталған азаматтың кінәсі дәлелденсе онда ол 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары