Ашық ақпарат көздерінде жаңа министрдің 1968 жылы 19 наурызда өмірге келгені жазылған, деп жазады NUR.KZ.
Нұрымбетов Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін "Механика және қолданбалы математика" мамандығы бойынша және Алматы экономика және статистика академиясын "Қаржы" мамандығы бойынша бітірген.
Ол 1993 – 1996 жылдар аралығында – Жамбыл қаласы бойынша салық инспекциясының салық инспекторы, бөлім бастығы;
1996 жылы – Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасарының кеңесшісі;
1997 жылы – Жамбыл облысы әкімі аппаратының сектор меңгерушісі;
1997 – 2008 жылдар аралығында – "Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы" РМКК Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры;
2008 – 2009 жылдар аралығында – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы;
2009 – 2012 жылдар аралығында – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;
2012 – 2015 жылдар аралығында – премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары;
2015 – 2017 жылдар аралығында – денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі;
2017жылы қаңтар айынан бастап еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;
2017 жылы желтоқсаннан бастап кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
Еске сала кетсек, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған Бердібек Сапарбаев 20 тамызда премьер-министрдің орынбасары болып тағайындады.