$ 494.87  520.65  4.91

Кәсіпкерлер жолдауда айтылған міндеттерді талқылады

30 қарашада ҚР Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына арналған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын жариялаған болатын. Жолдауды түсіндіру мақсатында, Оңтүстік Қазақстан обылысы кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшылары өңірдегі кәсіпкерлермен Кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталығында кездесті. Іс-шараға 30 жуық компанияның өкілдері қатысты.

 

Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Іс-шара барысында Елбасы Жолдауының басты 5 бағыты түсіндірілді. Инвестиция тарту мәселесі КИИДТБ құзырына жататындықтан, кездесу барысында басты назар төртінші бағытқа, яғни Қазақстанның жаңа инвестициялық саясатының негізіне назар аударылды.

Кездесу барысында жаңа жаһандық жағдайда инвестиция тарту және кәсіпкерлік қызметті жандандыру жоспарлары талқыланды.

Елбасының Жолдауы жиналған барлық кәсіпкерлер тарапынан қолдау көрсетіліп, елдің басты антидағдарыстық бағдарламасы ретінде қарастырылды. Кәсіпкерлер дағдарыс жағдайында биылғы Жолдауды маңызды және уақытылы екендігін ерекше атап өтті.

Жолдауды түсіндіру барысының екінші жартысы «Оңтүстік» АЭА аумағында жалғасын тауып, оған АЭА қатысушылары қатысты.

Еске сала кетейік, Елбасы биылғы жолдауында елді дағдарыстан шығарудың жолдарына, экономиканы тұралатпауға басты назар аударған болатын. Сондай-ақ, осы жолда бірігіп белсенді жұмыс жасауға шақырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары