Шығыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан мотоциклші қаза тапты. Ол Лексус маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты Алтай ауданы Жаңа Бұқтырма кентінде болды, деп хабарлады АстанаТВ.
Куәгерлердің айтуынша, екі жолаушысы бар байкер Лексуспен соқтығысқан. Қақтығыстан 32 жастағы азаматтың миы шашылған. Полиция істі тергеп жатыр.
"Сонымен қатар мотоциклдің екі жолаушысы көптеген жарақатпен медициналық мекемеге жолданды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарында осы жол көлік оқиғасында кім кінәлі екені анықталатын болады", - ШҚО ПД-нің баспасөз хатшысы Әйгерім Нұрғазина.
Мотоциклшілер клубы құрамында 30-дан аса мүше бар. Тәртіп бойынша олар өз қатарына ережеге бағынбайтындарды қабылдамайды. Бірақ соған қарамастан түнде тұрғындарға тыныштық бермейтін, жолда жүйіткитін байкерлер азаймай отыр. Соңы ажал құштырып жатқанын білсе де, жылдамдықты асырады.