$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Cұлтанда ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасады

Полиция қызметкерлері шұғыл түрде 28 жастағы ер адамды Сарыарқа аудандық полиция бөліміне жеткізді.

Нұр-Сұлтан қаласында мас күйінде жедел жәрдемге шабуыл жасаған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«21 тамыз күні сағат 03:20 кезінде жедел жәрдем бригадасы кезекті шақыруға бара жатып көше бойында жатқан ер адамды байқайды. Алайда ер адам өзіне көмек көрсетпек болған дәрігерлерге бас салған. Ашуға бой алдырып, жүргізушіні ұрып жібереді. Бұдан өзге дәрігерлер бригадасына шабуыл жасамақ болып, жедел жәрдем көлігін зақымдайды», - делінген хабарламада. 

Полиция қызметкерлері шұғыл түрде 28 жастағы ер адамды Сарыарқа аудандық полиция бөліміне жеткізді. Медициналық сараптама нәтижесінде ер адамның сол сәтте мас болғаны анықталды. Бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары