$ 494.87  520.65  4.91

«Аудан әкімдігінің тазалық бөлімі қайда қарап отыр?»: алматылық тұрғын саябақтағы қоқысқа шағымданды

Мадиярдың Қазақстанның әрбір тұрғынына айтары: "Халайық, жүрген жерімізде тазалық сақтап жүрейік. Мейлі ол үйдің іші, сырты, көше, басқа қала, ел, жер, тау-тас болсын. Әр адам өз қоқысын өзі тазалап жүрсе екен.

Алматы қаласының Мадияр есімді тұрғыны хабарласты. Хабарласып, қоршаған ортаға, Алматы қаласының табиғатына немқұрайлы қарайтын әкімдік пен қала тұрғындарына деген уәжін жеткізді, деп жазады Qamshy.kz.

«Әдетте көлікпен немесе автобуспен жүретінмін. Бүгін жаяу серуендегім келіп, Үлкен Алматы өзенінің Рысқұлов-Райымбек қиылысындағы жаяу жүргіншіге арналған жолымен жүрдім. Өзен бойында, ағаш саясында салқын, таса жерде демалып отыруға арналған сәкілері бар жалғызаяқ жолмен жүріп келе жатып, мынандай көрініске тап болдым. Аталған көше бойындағы сәкі атаулылар сынған, тақтайлары мүлдем жоқ, отыру мүмкін емес. Қоқыс жәшігі аузы-мұрнынан шығып жатыр, айнала толы қоқыс. Бір таза жер жоқ. Әр адым аттаған сайын қоқыс жоқ бір жерді көрмедім. Елім, жерім үшін жаны ашитын азамат ретінде айтарым: тұрып жатқан қаламыздың тазалығы Сіз бен менің қолымызда. Мен көрген жайт тиісті орынға жетіп, жетер құлаққа жеткізіледі, сәкілері жөнделіп, қоқыстары тазаланады, тынығып отыруға лайықты бұрынғы қалпына қайта келтіріледі деген үміттемін» деп тілегін жеткізген Мадияр дәлел ретінде қалта телефонына түсірген суреттерін де жолдапты.

Әрбір қазақтың арыз-шағым, мұң-сырын жеткізу – біздің міндет. Бұл аталған жерге Алматы қаласының «Алматы тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны немесе осы аймақ кіретін аудан әкімдігінің тазалық бөлім жауапты шығар? Ендеше, осы аталған көшелер тиісті аудан әкімдігі бұл тілекке бей-жай қарамай, дереу арада тиісті шара қолданады деген үміттеміз. 

Мадиярдың Қазақстанның әрбір тұрғынына айтары: "Халайық, жүрген жерімізде тазалық сақтап жүрейік. Мейлі ол үйдің іші, сырты, көше, басқа қала, ел, жер, тау-тас болсын. Әр адам өз қоқысын өзі тазалап жүрсе екен. Бұл елде, жерде, қалада, ауылда сіз де, мен де өмір сүріп жатырмыз. Ертең ұрпақтарымыз да осында өмір сүретін болатын. Ендеше, барымызды сақтай білейік. Бәрін өзімізден бастайық."

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары