Өскеменде криминалдық полиция қызметкерлері 79 қылмыс жасаған әйелді ұстады, деп хабарлайды Altaynews.kz.
37 жастағы әйел соңғы қылмысын 14 тамыз күні жасады. 27 жастағы тұрғынның автокөлігінің жүк салғышынан көлік саймандарын ұрлап кеткен. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықтап, қолға түсірді. Бұған дейін 78 рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған әйел бұл жолғы кінәсін де мойындап отыр.
Оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.