21.08.2019, 22:39

Оралда 6 жасар баланы өртеп жіберді

Үстіндегі киімі жанып жатқанын көрген.

Оралда белгісіз біреулер 6 жасар баланың үстіндегі киімін өртеді, деп жазады Мой город.

Көп қабатты үйдің ауласында 2012 жылғы баланы өртеп жібергені туралы ақпарат жақында әлеуметтік желілерге таралған болатын.

Облыстық полиция департаменті оқиғаны растап отыр.

Баланың үстіндегі футболкасының жанып жатқанын көрген жергілікті тұрғын оны сөндіруге көмектескен. Кімнің өртегені әлі анық емес.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы алты жасар баланың қабылдау бөлімшесіне термиялық күйікпен келгенін айтты. Қазір сәби ем қабылдап жатыр.

Тегтер: Орал