22.08.2019, 02:31

Атырауда ер адам азаматтық некедегі сүйіктісін пышақтап өлтірді

Фото: Sputniknews.kz
Ішімдік ішкен ер адам сүйіктісімен сөзге кеп, оның кеуде тұсына пышақ ұрған.

Атырау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында спирттік ішімдік ішіп, азаматтық некедегі сүйіктісін өлтірген ер адамның ісі қаралды, деп жазады Мой Город.

Ішімдік ішкен ер адам сүйіктісімен сөзге кеп, оның кеуде тұсына пышақ ұрған. Кейін марқұмды көлігінің жүксалғышына жатқызып, қала сыртындағы мазарға апарып тастаған.

Сотта оның кінәлі екені анықталды. Өзі де қылмысын қалай жасағанын айтып берді. Судья ер адамға 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Тегтер: Атырау