$ 498.34  519.72  4.85

Қызылорда облысында 1 дүкенді үш рет тонаған күдікті ұсталды

Қызылорда облысының полицейлері бір дүкенді үш рет тонап, иесіне 1,5 миллион теңге шығын келтірген күдіктіні қолға түсірді деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

"Желтоқсан айының 4 күні түскі сағат 12.00 шамасында Арал ауданы, Шижаға елдімекенінің тұрғынынан «102» байланыс телефоны арқылы елдімекен орталығында орналасқан дүкенге ұрлық қылмысына әрекет жасалып жатырғандығы жайлы хабарлама келіп түседі. Аталған хабарлама бойынша оқиға орнына Арал АІІБ-нің жедел-тергеу тобы жіберіліп, жедел түрде 1992 жылы туылған аудан тұрғынын қолға түсірді. Үй-жайға қарау-жұмыстарын жүргізу барысында, ұрлық қылмысына әрекет пластик терезесін ашып кіру арқылы орын алғандығы белгілі болды" делінген аталған хабарламада.

Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатысы барын анықтау барысында оның осы дүкенге бұған дейін тағы екі рет түскендігі анықталып отыр. Күдікті жәбірленушіге бірінші жолы - 650 000 теңге, екінші жолы - 350 000 теңге және соңғы рет 500 000 теңге көлемінде шығын келтірген. Ол дүкенге терезе арқылы кіріп, кассадағы ақшаны алып кетіп отырған екен. 

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы, 2- бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары