«Нұрсәт» шағынауданынан орын тепкен жаңа ғимараттың құрылысына облыстық бюджеттен 525 миллион теңге қаражат бөлінген. Заманауи үлгіде тұрғызылған ғимараттың жалпы қорында 100 мыңға жуық жеке құжат бар.
Жалпы сыйымдылығы 500 мың сақтау бірлігіне арналған жаңа мұрағат қоймасына тағы да 400 мың құжат сияды.
Шымкент қалалық мұрағат мекемесі 1992 жылы құрылған. Мұрағаттың алғашқы құрылған жылдарында қажетті құрал жабдықтар мен құжат сақтайтын қойма, маман жетіспеушілігі сияқты қиыншылықтар болды. Қазіргі таңда облыстағы нысандарда барлық жағдай жасалған. Олар керекті құрал-жабдықтармен және компьютерлермен қамтамасыз етілген.
Биыл өңірдегі Созақ, Түлкібас, Мақтаарал аудандарындағы мұрағат мекемелері күрделі жөндеуден өтті.
Айта кетейік, ОҚО-ның мұрағат қызметіне келесі жылы 90 жыл толады. Қазіргі таңда облыс бойынша 19 мемлекеттік мұрағат мекемесі бар. Мұндағы құжаттарды сақтау қорлары жыл сайын 30 мың бірлікке артуда.